Бүгін, 15:58
Қоғам

Үкімет жыл сайын 240 мың адамға сапалы жұмыс орнын ашып береді – Әмрин

Оның айтуынша, бұл үкіметтің 2029 жылға дейінгі кешенді жоспарының бір тармағы

Үкімет жыл сайын 240 мың адамға сапалы жұмыс орнын ашып береді – Әмрин
Фото: freepik.com

Қазақстан халықтың табысын арттыруға қатысты 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау үшін жыл сайын 240 мың дұмыс орнын ашады. Бұл туралы бүгін үкіметте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Қазір Еуропалық Одақ елдеріндегі еңбек өнімділігі қазақстандық деңгейден үш есе көп, ал ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың тұрақсыздығы жоғары болып қалып отыр.
Осы проблемаларды шешу үшін 17 кластерлік жобаны жүзеге асыру, АӨК-те жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, шағын бизнесті қолдау және өңірлерде микрокредит беру бағдарламаларын кеңейту жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Жалпы, Әмриннің айтуынша, бұл кешенді жоспардың бірден бір мақсаты – халықтың табысын инфляциялан тез өсіру.