29.05.2026, 14:27
Қоғам
Қазақстанда 2 мың мұғалім «Келешек мектептерінде» жұмыс істеу үшін тест тапсырып жатыр (ВИДЕО)
Олардың көбі жас педагогтер
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy
Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» атты ұлттық орталығы 2 мың педагогтен сынақ қабылдап жатыр. Олардың бәрі «Келешек мектептерінде жұмыс істегісі келеді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жас педагогтерді іріктеп, тест тапсырған мұғалімдерді кәсіби сүйемелдемек.
«
Осы мақсатта биыл еліміздің 18 өңіріндегі 19 педагогикалық жоғары оқу орнымен бірлесіп, болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын анықтауға бағытталған бақылау ұйымдастырдық. Іріктеу тестілеуіне GPA көрсеткіші 3,33-тен жоғары шамамен 2 мыңнан астам жас маман қатысуға ниет білдірді», - деп хабарлайды министрлік.
Бұл ұстаздардың қандай нәтиже алғанын орталықтың платформасынан білуге болады.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 13:54
Оралда адам өмірін құтқару үшін жол ережесін бұзған жүргізуші айыппұл төлемейтін болды