Бүгін, 10:38
Қоғам

Қазақстанда бет-жүзін тұмшалап, көшеге шыққан мыңнан аса адам жазаланды

Қазір қоғамда маска тағып, бетті толық тұмшалап жүруге тыйым салынған

Қазақстанда бет-жүзін тұмшалап, көшеге шыққан мыңнан аса адам жазаланды
Фото: © istockphoto.com / Anna Bogdanova

Қазақстанда бет-жүзін тұмшалап, қоғам арасына шыққан 1179 адам айыппұл арқалаған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адамның бетін толық тұмшалауға қатысты бап «Құқық бұзушылық профилактикасы» туралы заңның  75-бабы 3-тармағында жазылған.

«Адамның түр-сипатын көзбен тануға кедергі келтіретіндей дәрежеде бетті жабатын киімдерді кию заң бұзуға жатады. Бірақ, ауа райына байланысты, болмаса, медициналық себептерге қатысты маска тағуға мәжбүр болса, оған тыйым жоқ. Сондай-ақ қызметтік міндетін атқарып жүрген, спорт немесе мәдени іс-шараға қатысатын адамдарға да маска тағуға тыйым салынбайды», - деп ескертеді полиция.

Бұл жағдайларға қарамастан, көшеге бет-жүзін тұмшалап шыққан мыңнан аса азамат анықталған көрінеді.

«Осы уақытқа дейін аталған құқық бұзушылық бойынша 1179 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл тыйым бет-жүзді жасыратын кез келген киім түріне қатысты», - деп хабарлайды ІІМ.