Бүгін, 13:23
Қоғам

Жамбыл облысында туғаннан бері құжат алмаған ер адам 42 жасында жеке куәлігіне ие болды

Оны полиция іздеп тапқан

Жамбыл облысында туғаннан бері құжат алмаған ер адам 42 жасында жеке куәлігіне ие болды
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы

Жамбыл облысы Қордай ауданында 42 жастағы ер адам өмірінде бірінші рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының полиция департаменті хабарлағандай, 1984 жылы туған ер адам бұған дейін ешқашан құжат алмаған. Азамат аудандағы шалғай ауылдардың бірінде малшы болған екен. Жеке куәлігі болмаған соң, өзіне тиісті әлеуметтік қызметтерді де ала алмаған.

«Полиция қызметкерлері алдымен оның жеке басын анықтап, қажетті мәліметтерді қалпына келтіру, құжаттарын рәсімдеу, архивтік мәліметтерді жинап, жеке деректерін тексере отырып тиісті сұраныстар жолдады. Содан кейін құжаттардың толық топтамасын дайындады. Осылайша, 2026 жылдың 20 мамырында Самат Жанеков өмірінде бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды», - деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.