Бүгін, 13:43
Қоғам

Енді Қазақстанның түлектері ҰБТ-ның сертификатымен Малайзияға оқуға түсе алады

Яғни, Малайзия Жоғары білім министрлігі ҰБТ сертификатын ресми түрде таныды

Енді Қазақстанның түлектері ҰБТ-ның сертификатымен Малайзияға оқуға түсе алады
Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Малайзияның Жоғары білім министрлігі Қазақстанның ҰБТ сертификатын ресми түрде танып, осы елдегі университеттердің бакалавриат бағдарламаларына қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізіміне енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Енді Қазақстанның түлектері Малайзияның бірқатар университеттеріне міндетті Foundation даярлық бағдарламасын өтпей-ақ, ҰБТ сертификаты арқылы оқуға түсе алады. Сонымен қатар ағылшын тілінде оқытылатын білім беру бағдарламаларына түсу үшін IELTS, TOEFL немесе баламалы сертификаттар арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау талаптары сақталады», - деп хабарлайды министрлік.

ҰБТ сертификатының халықаралық деңгейде танылуы – білімді бағалау жүйесінің заманауи академиялық стандарттарға сәйкестігін дәлелдейді және отандық түлектер үшін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді, деп сенеді министрлік.