$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2020, 22:59
Қоғам

Бір миллионнан астам адам 42 500 теңге алды

Төлем 1 млн 169 мың адамға тағайындалды

Бір миллионнан астам адам 42 500 теңге алды
Фото: ашық дереккөзден

21 шілдедегі жағдай бойынша 1 млн 169 мың адамға 42 500 теңге тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн қазақстандыққа аударылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 567 мың өтінімнің ішінде 755,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді; 383,7 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы; 117,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы; 310,3 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген», - деп жазылған хабарламада. 

Төлем 1 млн 169 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 млн қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары