12.05.2026, 13:41
Қоғам
Шымкентте баласына алимент төлемей, «қашып» жүрген 81 әке қамалған – прокуратура
Оларды сот әкімшілік қамауға алған
Фото: istockphoto.com
Шымкент қаласында алименттен жалтарып жүрген 119 адамның 81-ін сот әкімшілік қамауға алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, тағы жиырмашақты адамның ісі тергеуге кеткен.
«Шымкент қаласының прокуратурасы атқарған жұмыстың нәтижесінде 119 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың 81-іне әкімшілік қамауға алынды. Балаларды асырау міндетінен жалтарған тұлғаларға қатысты 29 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оның 22-сі сотқа жолданды», - деп хабарлайды прокуратура.
Жалпы, алименттен жалтарып жүргендерден 384 млн теңге көлемінде алимент өндірілген.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы