Бүгін, 09:23
Қоғам

Қызылорда облысында қоғамдық қордың жетекшісі жас әйелдің жаңа туған сәбиін 50 жастағы келіншекке сатпақ болған (ВИДЕО)

Қазір үш күдікті де қамауда

Ішкі істер министрлігі сәуір айында Қазақстан бойынша адам саудасына қарсы  «STOP трафик» науқанын өткізген. Соның аясында бір айда адам саудасына қатысты 41 қылмыс тіркеліп, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 9 дерек анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс Қызылорда облысында жаңа туған сәбиін сатқан әйелге қатысты оқиғаны айтып берді.

«Қызылорда облысында жаңа туған сәбиді сату схемасы әшкереленді. Анықталғандай, 25 жастағы әйел бала туғанға дейін және туғаннан кейін мамандандырылған қоғамдық қордың ғимаратында өмір сүрген.  Баласынан бас тартқысы келетінін білген сол қордың жетекшісі делдал ретінде әрекет етіп, сәбиді асырап алу мақсатында облыстың 50 жастағы тұрғынына бір миллион теңгеге сатуды ұсынған. Үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жастарды азғындыққа тартқан ЛГБТ өкілдерін қолға түсірген еді.