24.04.2026, 13:40
Қоғам
«Сағат 23:59-дан кейін ештеңе өзгерте алмайсыз»: Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге маңызды ескерту жасады (ВИДЕО)
25 сәуір күні түнгі сағат 23:59-да өтініш қабылдау тоқтайды
Фото: istockphoto.com
Ұлттық тестілеу орталығы биыл негізгі ұлттық бірыңғай тест тапсыратындарға маңызды ескерту жасады: биыл ҰБТ тапсырғысы келетіндер 25 сәуір, түнгі сағат 23:59-дан кейін өтініш бере алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, осы уақыт өткеннен кейін өтініш берген адамдар да тест өтетін орнын, тест тапсыратын күні мен уақытын өзгерте алмайды. Бірақ, таңдаған пәні мен тілін өзі тест тапсыратын күннен 24 сағат бұрын өзгерте алады.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бүгінге дейін 441 мыңнан астам адамнан биыл ҰБТ тапсыру туралы өтініш түскен.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды