«Imam AI»: Қазақстанның Мүфтияты ЖИ имам ойлап тапқан – ол мамырда «жұмысына» кіріседі
Ол жамағаттың сұрағына жедел жауап береді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Цифрлық даму бөлімінің меңгерішісі Тимур Серікқанұлы Imam AI жобасын таныстырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жасанды интеллект негізінде жасалған «имам» жамағаттың сұрағына жедел әрі сапалы жауап береді деген болжам бар. «Imam AI» жобасы мамырда «жұмысына» кіріседі.
Айта кетейік, Мүфтияттың ақпаратына сүйенсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы цифрлық даму бағытындағы мәселелерге арналған арнайы аппарат жиынын өткізген.
«Жиын барысында ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерішісі Тимур Серікқанұлы Имам AI жобасын таныстырып, жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни-ағартушылық бағытта тиімді пайдалану жолдарына тоқталды. Аталған жоба заманауи технологияларды қолдану арқылы жамағатқа жедел әрі сапалы ақпарат ұсынуды, сұрақтарға жедел жауап беру жүйесін қалыптастыруды көздейді», - деп хабарлайды Мүфтият.
Бөлім меңгерушісінің айтуынша, Imam AI жүйесі пилоттық негізде мамыр айының басында іске қосылады.
«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталып, діни қызмет сапасын арттыруда жаңа технологиялардың рөлі жоғары екенін жеткізді. Сондай-ақ жауапты бөлімдерге жобаны сапалы әрі уақытылы жүзеге асыруды тапсырды», - деп хабарлайды Мүфтият.