24.04.2026, 17:39
Қоғам
«Құдам Дәулет пен құдағиым Ардаққа рақмет!»: ДДҰ басшысы Астанадағы құдаларын аралап, қазақша ән айтты (ВИДЕО)
Тедрос Аданом Гебрейесустың ұлы Жүрсін Ерманның немересіне үйленген
Фото: скриншот
Қазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус Астанадағы құдаларының үйіне барып, қонақ болған, деп жазады Azattyq Rýhy
Бұл ерекше сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жүктеген ол құда-құдағиына алғыс айтқан.
«Құдам Дәулет пен құдағиым Ардаққа осынай әдемі кеш үшін рақмет. Әдемі ән айтып, күлкі мен махаббатқа толы кеш өткіздім. Маған үш немере сыйлаған келініме рақмет. Менің барым да, байлығым да – солар», - деп жазған ол.
Видеода көрініп тұрғандай, ДДҰ басшысы Астанадағы құдаларымен бірге «Атамекен» әнін шырқаған.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды