09.04.2026, 12:00
Қоғам
Қазақстан түрмелеріндегі азаматтарды дәрігерлер енді онлайн тексеретін болған
Осылайша, сотталғандар арасындағы өлім азайған
Фото: istockphoto.com
Былтыр Қазақстанда сотталғандар арасындағы өлім-жітім бес пайызға азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, түрмеде скриинг көбейіп, алдын алу шаралары күшейген. Бұдан өзге, түрмеде денсаулығы нашарлаған адамдарды дәрігерлер телемедицина арқылы қарайтын болған.
«Маңызды бағыттардың бірі телемедицина. Қылмыстық атқару жүйесінің 17 мекемесінде арнайы телемедициналық жабдық орнатылып, дәрігерлер ауырған азаматтарды онлайн емдейді. Онлайн консультацияға жүгінетін сотталғандардың саны 5 есеге көбейген», - деп хабарлайды ДСМ.
Жалпы, қазір Қазақстандағы 78 түрмедегі медициналық көмектің сапасы жақсарған.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 17:52
Жетісу облысында кішкентай қыздардың интимді видеоларын таратқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 11:55
Қарақия әкімдігі алты бала туған әйелге «Күміс алқа» бергісі келмеген: іске прокуратура араласты