$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 14:01
Қоғам

Қазақстан пневмониядан болған өлімді коронавирустан деп тану туралы келіссөз жүргізіп жатыр

 Келіссөзге дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатысып жатыр

Қазақстан пневмониядан болған өлімді коронавирустан деп тану туралы келіссөз жүргізіп жатыр
Фото: ашық дерек көздерінен

Қазақстан пневмониядан болған өлім-жітімді коронавирустан болған өлім деп тіркеу үшін халықаралық ұйымдармен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті.

«Қазір халықаралық ұйымдармен, ДДСҰ-мен  келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, ПТР-тест нәтижесі дәлелденген жағдайлар ғана коронавирустан деп тіркеледі. Қазір біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сұрау салдық», - деп хабарлады Людмила Бюрабекова.

Ол «Осы келіссөздер арқылы қандай жағдайларды коронавирустан болған өлім деп танитынымыз анықталады» дейді Бюрабекова.

«Әрбір елдің статистикасы мен есеп жүргізу әдісі әртүрлі. Біз өз еліміздегі статистиканы бір ізге салғымыз келеді», - деді вице-министр.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары