$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 10:25
Қоғам

Нан бағасы бір жылда 11% қымбаттады

Қымбатшылық Атырау, Ақтау, Нұр-Сұлтан және Өскемен қалаларында байқалды

Нан бағасы бір жылда 11% қымбаттады
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда нанның орташа бағасы бір жыл ішінде 10,5%-ға өсті. Бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нан бағасы 9,2%-ға, жоғары сортты ұннан жасалған нан бағасы - 13,5%, қара бидай наны 12,6% қымбаттады. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Қазақстан қалаларында 1 келі бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нанның орташа бағасы – 151 теңге (бір жылда +9%), жоғары сортты ұннан жасалған нанның 1 келісі бағасы – 289 тг (+13,6%), қара бидай нанының бір келісі 249 теңгені құрады (+13,8%).

Әсіресе, бидай ұнынан жасалған бірінші сұрыптағы нан бағасы Атырау (келісі 178 тг), Ақтау қалаларында (173 тг) қымбаттаған. Ал, ең арзан баға Алматы (келісі 132 тг) және Тараз (келісі 138 тг) қалаларында тіркелді.

Соңғы бір айда Көкшетауда нан бағасы айтарлықтай қымбаттады (5,6%), келісі 169 теңгеге дейін, ал, Тараз қаласында бір жыл ішінде 27,8%-ға қымбаттады.

Ал, қара бидай наны Нұр-Сұлтан (1 кг – 315 тг), Өскемен (314 тг) және Семей (313 тг) қалаларында қымбат. Мұндай нанды арзан бағаға Ақтөбе мен Талдықорғанда сатып алуға болады (келісі 187 теңге).

2020 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстанда нан өндірісі 292,8 мың тоннаны құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3%-ға аз.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Нан #Нан бағасы