$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.07.2020, 10:12
Қоғам

Алматылық саудагерлер құйрық май бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді

Дәрігерлер оны алдын алу үшін емес, ауруды емдеу үшін ғана жеу керек дейді

Алматылық саудагерлер құйрық май бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді

«Коронавирустың алдын алуға құйрық майдың көмегі зор» деген әңгіме әлеуметтік желілер арқылы тарағаны сол екен, алматылық саудагерлер оның бағасын екі есеге дейін қымбаттатып жіберді. Бірақ соған қарамастан, қалада қойдың құйрық майына деген сұраныс артқан, деп хабарлады «Хабар-24».

Осыдан екі ай бұрын Алматы базарларындағы құйрық майдың бір келісі 1 мың теңгені құраған. Қазір екі мың теңгеден кемін таппайсыз. Соның өзінде сұраныс тым жоғары.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша ел арасында түрлі болжамдар айтылып жүр. Соның бірі – құйрық май пайдалану. Әлеуметтік желі қолданушылары оны қалай қолдану керек екенін өздерінше түсіндіріп жатыр.

Дәрігерлер құйрық майдың расымен де, пайдасы барын мойындап отыр. Ертеректе ата-бабаларымыз оны суықты емдеу үшін қолданған. Бірақ аурудың алдын алу үшін емес, нақты жөтеліп ауырғанда ғана пайдалану керек дейді медицина мамандары. Тұрақты жеу – түрлі ауруларға алып келуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары