19.03.2026, 13:21
Қоғам
«Нағыз батыр әйел»: Павлодарда боран күні көліктерге жол көрсетіп, 4 шақырым жаяу жүрген әйел марапат алды (ВИДЕО)
Мария Бедринаны облыстың ТЖД басшысы марапаттады
Фото: скриншот
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Мария Бердрина 2026 жылдың 10 наурыз күні Павлодар облысында бірнеше көлікті қарлы боранда ауылға аман-есен жеткізу үшін 4 шақырым жаяу жүрген еді. Осы ерлігі үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы оны марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мария Бедрина «Ақсу–Павлодар» автожолында қатты боран кезінде адамдарға көмектескен.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рустамбек Амрин «Ақсу–Павлодар» автожолында қатты боран кезінде адамдарға жанашырлық танытқан Мария Бедринаға алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті», - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді
25.09.2026, 10:39
Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: соңғы екі сарбаздың мәйіті табылды (ВИДЕО)
25.09.2026, 11:52
Алматы тауларына қыркүйекте қар жауды (ВИДЕО)