$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.07.2020, 16:34
Қоғам

Декреттегілер мен студенттерге 42 500 тг төлене ме – Еңбек министрінің жауабы

Төтенше жағдай кезінде кейбір студенттер 42 500 теңге әлеуметтік төлем алған болатын

Декреттегілер мен студенттерге 42 500 тг төлене ме – Еңбек министрінің жауабы
Фото: Батыржан Беспаев

Карантин шараларына байланысты шілде айында берілетін 42 500 теңге әлеуметтік декреттегі аналар мен студенттерге берілмейді. Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Декретте отырғандарға арнайы төлем берілмейді. 42 500 теңге кірісінен айрылғандарға, жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға ғана беріледі. Әлеуметтік төлем студенттерге төленеді деген заң жоқ. Егер студент жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың қатарына жатса ғана беріледі. Студенттер экономикалық белсенді емес халық санатына жатады. Жұмыспен қамту заңнамасы бойынша студенттерді жұмыссыз ретінде тіркеуге болмайды. Мемлекеттік сақтандыруды студенттерге мемлекет төлейтін болғандықтан, осылардың бәрін негізге алып, аталған мәселені пысықтап жатырмыз. Біз бұл категорияны есепке аламыз. Бейсенбі күні кеңестен кейін, аталған категорияларға қатысты қандай механизм қабылдайтынын қосымша хабарлаймыз», - деді еңбек министрі.

Айта кетейік, шілде айында берілетін 42 500 теңге төлеміне байланысты өтініштер осы жұмадан бастап қабылданады.

Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары