Елорда мәртебесі туралы конституциялық заңға қандай өзгерістер енеді
Жергілікті атқарушы органдарға жаңа өкілеттіктер берілуі мүмкін
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Айдос Сарым жаңа Конституция аясында елорда мәртебесі туралы конституциялық заң қабылданғаннан кейін Астана әкімдігі мен мәслихатының мүмкіндіктері қалай кеңейетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазір Астанаға қандай қысым түсіп жатқанын көріп отырсыздар: көші-қон, қаржы және тағы басқа. Иә, өзгерістер енгізіледі, біз әкімдік пен мәслихатқа қосымша мүмкіндіктер беруді жоспарлап отырмыз. Олар өз нормативтерін, экологиялық және басқа стандарттарды, сондай-ақ құрылыс компанияларына қойылатын талаптарды өз бетінше белгілеп, бұл мәселелерді жергілікті деңгейде жедел шеше алуы тиіс», – деді Сарым Мәжіліс кулуарында.
Депутат бұл жаңашылдықтар жергілікті билік органдарына өзекті мәселелерді тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік беретінін айтты.