10.03.2026, 16:12
Қоғам
Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақ қызы елге қайтады
Бұл туралы СІМ ресми өкілі мәлімдеді
Фото: https://www.instagram.com/ruzana_2307/
Вьетнамның Хошимин қаласында қаласында жоғалып кеткен қазақстандық бойжеткен Әсем Әубәкірді елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Вьетнамдағы дипломаттар мен құқық қорғау органдары қабылдаған жедел шаралардың арқасында аталған азамат табылды. Тірі, аман-есен. Қазір жанында консул бар. Қазір қызды елге қайтару мәселесі шешіліп жатыр», - деп мәлімдеді СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
Естеріңізге салайық, Вьетнамның Хошимин қаласында 26 жастағы қазақстандық Әсем Әубәкір жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Бойжеткен 2026 жылғы 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған.
Көп оқылған
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
27.10.2026, 17:43
Ресми ақпарат: Жеңіс Қасымбек жаңа лауазымға ие болды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды