Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Автор: Azattyq Rýhy

Елорда уақытымен сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты Жалпыұлттық аза тұту күні, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланатынын хабарлады.

«Әр қазақ менің жалғызым» дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын», - деді Президент. 

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.