$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.07.2020, 22:55
Қоғам

Қазақстанда бір аптада карантин талабын бұзған 550-ден астам дерек тіркелді

Сонымен қатар заңсыз саудаланған 54 мың қорап препарат тәркіленді

Қазақстанда бір аптада карантин талабын бұзған 550-ден астам дерек тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Қатаң шектеулер енгізілген 1 апта ішінде елімізде 559 карантин талабын бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, жасырын түрде жұмыс істеп жатқан кафе, ресторандар әлі бар. Бұдан бөлек, жұмыс кестесін бұзған дүкендер мен қоғамдық мекемелер де анықталып, жауапқа тартылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері медициналық ұйымдар мен дәріханаларда да рейд ұйымдастырған. Нәтижесінде, заңсыз саудаланған 54 мың қорап препарат, жарты миллион дана маска және 30 мыңнан астам қорғаныс құралы мен дезинфекциялық заттарды тәркіленді. Бұл іске қатысы бар 185 адам анықталса, соның 63-і медицина қызметкері болып шықты. 

«Осындай сәтте дәрі-дәрмектерді жоғары бағаға сатып, біреудің қайғысынан пайда тауып жатқандар бар. Ол үшін Ішкі істер министрлігі барлық облыста басқа құзіретті органдармен бірлесіп, тиісті рейд шараларын бастап кетті. Дәрігерлермен бірге Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтауға, заңды бұзғандармен күресуге бар күшін салады», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Серіктес жаңалықтары