$ 502.6  589.95  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Басынан ұрған, матаға орап талдырған»: Астана мен Алматыдағы жекеменшік орталықтың мамандары ерекше балаларды қинаған

Ата-аналар оларды заңға сай жазалауды талап етіп отыр 

«Басынан ұрған, матаға орап талдырған»: Астана мен Алматыдағы жекеменшік орталықтың мамандары ерекше балаларды қинаған
Фото: видеодан скриншот

Алматы қаласындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан «Феникс» орталығында диагнозы бар балаларды жүйелі түрде ұрып-соғады деген ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде адам сенгісіз азаптау сәттерінің видеосы тараған соң, бұл орталыққа баласын апарған ата-аналардың пікірі көбейді, деп жазады Azattyq Rýhy 

Сондай ата-аналардың сөзіне сенсек, орталық қызметкерлері балаларды таяқпен бастарынан ұрған, жұдырықпен соққан, қорлаған. Мұның бәрін ата-аналар өз көздерімен көрген. Алайда бейнежазбаларды полиция алып кеткен.

«Біз, ерекше балалардың ата-аналары, орталық жұмысын әрі қарай жалғастыра ма деп қорқамыз. «Феникс» орталығының директоры өз қызметкерлерін барынша қорғап отыр. Орталықтағы жаттықтырушылардың арнайы профильдік білімі жоқ. Көшеден келген кез келген адам қысқа курстан өтіп, сол жерде сертификат алып, ерекше балалармен жұмыс істей алады», - деп алаңдайды ата-аналар.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық бір рет емес, бірнеше рет жасалған. Ата-аналардың рұқсатынсыз жаттықтырушы Жанат тікелей эфирге шығып, балаларды көрсеткен. Ал жаттықтырушы Тофик 16 ақпанда түсірілген видеода баланы ішінен ұрған.

Сондай-ақ аталған «Феникс» орталығының Астанадағы филиалының қызметкерлері де балаларды өлімші күйге түсірген. Ем алып жатқан баланы орап, тұншықтырғаны сонша кішкентай бала есінен танып қалған.

 

«Феникс» орталығы өз қызметкерлеріне қатысты келесідей жауап қатқан.

«Біз сөз болып отырған қызметкерге қатысты өз тарапымыздан керекті шараны қабылдадық. Жаттықтырушыларға түсіндірдік және әр қызметкер қатаң бақылауға алынды. Бастарынан таяқпен ұру және соған ұқсас әрекеттер туралы жариялаған жазбаңызды тіркеп алдық, жазғандарыңызға қатысты дәлелдерді ұсынуыңызды сұраймыз», - деген олар блогер Перизат Көшкінбаеваға. 

Бұл мәселеге қатысты Бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да пікір білдірді.

«Қазіргі таңда құзырлы органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталып, видеоматериалдар өндіріске алынды», - деп жазды Зәкиева.

Редакция мәселеге қатысты Алматы және Астана қалаларыының полиция департаменттеріне сұрау жолдады.