$ 497.56  586.92  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.02.2026, 09:45
Қоғам

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 мың түлек өтініш берген

Көктемгі тестілеу 2 наурыз бен 6 сәуір айында өтеді

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 мың түлек өтініш берген
Фото: © istockphoto.com

Биыл Қазақстандағы көктемгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге 184 мың түлек өтініш берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, былтыр көктемгі тестілеуге өтініш тапсырғандардың саны 20 мыңға аз болған.

«2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың адамға көп. ҰБТ 2 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады», - деп хабарлаған министрлік.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады.