$ 501.75  591.96  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:25
Қоғам

«Табысы аз адамдарға 432 мың теңге біржолғы көмек төленеді»: Еңбекмин халыққа шұғыл мәлімдеме таратты

432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

«Табысы аз адамдарға 432 мың теңге біржолғы көмек төленеді»: Еңбекмин халыққа шұғыл мәлімдеме таратты
Фото: Azattyq Ruhy

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілерде тағы бір фейк ақпараттың таралып жатқанын айтып, шұғыл мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп хабарлады министрлік бүгін, 26 ақпан күні.

Министрлік Қазақстанның ешбір заңында мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын еске салып отыр. Құзырлы орган мұндай жалған ақпараттарды алаяқтар тарататынын айтып, халықты сақтыққа шақырған.

«Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы келеді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады. Әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз», - деп хабарлаған министрлік.