$ 501.26  590.38  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 10:51
Қоғам

Алматы облысында «сүйген» қызына банк арқылы аз ақша салып, астына хат жазған жігіт сотталды

Бойжеткен оның бүкіл нөмірлерін бұғаттағаннан кейін

Алматы облысында «сүйген» қызына банк арқылы аз ақша салып, астына хат жазған жігіт сотталды
Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған

Алматы облысының Қарасай аудандық соты бойжеткенге бірнеше ай бойы сталкинг жасаған азаматты соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың мәліметіне сүйенсек, жігіт қызға 2025 жылдың қыркүйек айынан бері маза бермеген. Тіпті, бойжеткен оның бүкіл телефондарын бұғаттап тастағанда, жігіт «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы оған азын-аулақ ақша аударып, астына хат жазып отырған.

«Ол бірнеше рет қоңырау шалып, «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлері арқылы хабарламалар жіберген. Жәбірленуші оны бұғаттағаннан кейін де, ол байланыс орнату әрекеттерін жалғастырып, «Kaspi.kz» қосымшасы арқылы жәбірленушінің шотына аз мөлшерде ақша аударып, аударым кезінде мәтіндік хабарламалар жазған және бұл әрекеттер жиі қайталанған. Жүйелі қудалау салдарынан жәбірленуші үрейге түсіп, қорқыныш сезімін бастан кешірген, ұйқысы бұзылып, психикалық жай-күйіне елеулі зиян келіп, қалыпты өмір салты өзгерген», - деп хабарлайды Қарасай ауданының соты.

Сондықтан, бойжеткен полицияға арызданып, ер адамның үстінен қылмыстық кодекстің «сталкинг» бабы бойынша іс қозғалған.

«Іс материалдарын зерттеп, процеске қатысушылардың пікірін тыңдаған сот айыпталушыны ҚК-нің 115-1-бабы бойынша кінәлі деп танып, оны 25 тәулікке қамады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.