$ 501.26  590.38  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2026, 12:46
Қоғам

«Қатарластарына тыныштық бермеген»: Жамбылда буллинг жасаған үш оқушының ата-анасы сотта кездесті

Үш оқушы өзге балаларға тыныштық бермеген

«Қатарластарына тыныштық бермеген»: Жамбылда буллинг жасаған үш оқушының ата-анасы сотта кездесті
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты қатарластарына үнемі қысым көрсетіп, оларды жұмысқа салып, буллинг көрсеткен үш балаға қарасты істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үш оқушы да кәмелет жасына толмағандықтан, сот олардың ата-аналарын жазалады.

«2025 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы орта мектептің 3 кәмелетке толмаған оқушысы жүйелі түрде мектеп оқушыларына қысым көрсетіп, оларды әртүрлі жұмыстарды орындауға тарту арқылы буллинг (оның ішінде кибербуллинг) әрекеттерін жасағандарын анықталды. Олардың кінәсін хаттама, оқиға туралы хаттар, жәбір көрген балалардың арызы мен түсініктемелері дәлелдеген», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сотта үш баланың ата-аналары кінәларын мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларға жол бермейтіндерін айтқан. Сот ата-ананың әрқайсысына 43 250 теңге көлемінде айыппұл салған.