$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2020, 14:51
Қоғам

Түркиядан алынған оттегі аппараттарын өзіміз тарататын болдық - Тұрсынбаева

Бұған дейін ол Президентке хат жазып, аппараттарды елге жеткізуде қиындық туындағанын айтқан еді

Түркиядан алынған оттегі аппараттарын өзіміз тарататын болдық - Тұрсынбаева
Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден өкпені жасанды желдету аппараттары пен керекті дәрі-дәрмекті әкелген қоғам белсенділеріне қолдау білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Санаулы сағат ішінде біздің жанайқайымыз Президентке дейін жетіп, мәселе оң шешімін тапты. Халықтан жиналған ақшаға алынған оттегі аппараттарын біз өзіміз тарататын болдық. Біздің әлеуметтік желіге жариялаған постқа үнсіз қалмай, бірден мәселені шешуге көмектескен Берік Уәли, Президент кеңесшісі Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға, Сенат депутаты Дана Нұржігіт, Президент аппаратына, Қайрат Құдайбергенге, қоғам белсендісі Динара Сәтжанға алғысымызды білдіреміз», - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Оның айтуынша, Қазақстанға 125 емес, 225 аппарат жеткізіледі. 

«Ал ең үлкен алғыс - Алладан кейінгі екінші есім - халыққа алғысымыз зор! Сіздер болмасаңыздар, сіздер қолдамасаңыздар бұл мәселе мүлдем шешілмейтін еді. Екі-үш адамның  жанайқайы жетпейтін еді. Тағы бір қуанышты жаңалық - елге 125 емес, 225 аппарат жеткізетін болдық. Қорға тағы да ақша түсуде. Тіпті, ақша жетіп жатса, 500 жіберуге мүмкіндік туды», - деді Айнұр Тұрсынбаева.

Естеріңізге сала кетейік, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Денсаулық сақтау министрі мен Қорғаныс министріне үндеу жолдап, Түркиядан алынған аппараттарды Қазақстанға барған соң «СҚ-Фармация» қабылдап алатынына наразылық білдірген еді.

Серіктес жаңалықтары