$ 538.57  629.48  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.07.2020, 14:27
Қоғам

Қазақстанда оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейді - Аймағамбетов

Министрдің айтуынша, бұл өзгеріс уақытша енгізілген

Қазақстанда оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейді - Аймағамбетов
Фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда оқушылар мектеп формасын киюге міндеттелмейді. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мектеп формасы туралы бұйрыққа арнайы тармақ енгіземіз. Яғни төтенше жағдай, карантин, шектеу шаралары мен басқа да форс-мажор жағдайларда балаларға классикалық іскерлік киіммен келуге рұқсат береміз. Қазіргі жағдайда бұл шешімнің маңызы зор деп есептейміз. Мұны кеңес сипатында емес, Білім және ғылым министрлігінің әділет органдарында тіркеген бұйрығы негізінде жүргізіп жатырмыз. Шешімнің нормативті-құқықтық құжат ретінде сипаты болуы керек», - деді министр.

Асхат Аймағамбетов бұл өзгеріс уақытша енгізілгенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары