$ 497.33  586.7  6.48
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:45
Қоғам

Түркістанда қыз студенттерге ұлдардың бөлмесін тазалатпақ болған қызметкерлер сөгіс алды (ВИДЕО)

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Түркістанда қыз студенттерге ұлдардың бөлмесін тазалатпақ болған қызметкерлер сөгіс алды (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Түркістандағы көпбейінді индустриалды-техникалық колледждің жатақханасында жұмыс істейтін қызметкерлер қыз балаларға ұлдардың бөлмесін жинатпақ болған. Оқу-ағарту министрлігі осы мәселеге қатысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігі кәмелетке толмаған қыздарды жұмысқа тартпақ болған қызметкерлерге сөгіс жариялаған.

«ҚР заңнамасына сәйкес кәмелетке толмаған білім алушыларды жұмыс жасауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оларға қысым көрсетуге жол берілмейді. Бұл – бала құқықтарын бұзу және балалар еңбегін пайдалануға тыйым салатын талаптарға қайшы әрекет. Тексеру нәтижесінде жауапты тұлғаларға сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлайды министрліктің Балалардың Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.