$ 494.66  581.87  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:30
Қоғам

«Балаларыма алған едім»: Қостанайда дүкеннен сатып алған кәмпиттің ішінен құрт-құмырсқа шыққан

Ол сатушыдан 2 млн теңге өтемақы талап етті  

«Балаларыма алған едім»: Қостанайда дүкеннен сатып алған кәмпиттің ішінен құрт-құмырсқа шыққан
Фотоколлаж: ЖИ арқылы жасалған, Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қостанайда супермаркеттен сатып алған кәмпиттің ішінен құрт-құмырсқа тапқан әйел сотқа арызданып, моральдық өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Анықталғандай, әйел қаладағы супермаркеттердің бірінен кәмпит сатып алған. Үйіне барып, ертесі күні қаптаманы ашқанда, кәмпиттің ішінен зиянкес жәндіктер шыққан. Уәкілетті органға жүгінгеннен кейін кәмпиттердің паразиттермен зақымданғаны расталған. Қала тұрғыны өзіне келтірілген моральдық азапты, жиіркеніш пен уайымды, сондай-ақ балаларының алдында өзін кінәлі сезінгенін атап өтіп, 2 млн теңге өтемақы талап еткен.

Сатушы сапасыз тауар сатылғанын мойындаған, бірақ денсаулыққа зиян келтірілгені туралы дәлелдің жоқ екенін алға тартып, өз еркімен 200 мың теңге төлеуге дайын екенін білдірген.

Қостанай қалалық соты денсаулыққа зиян келтірілмегенін, сатушының кешірім сұрағанын және арызданушының шығындары ерікті түрде өтелгенін ескеріп, моральдық өтемақыны 2 млн теңгеден 250 мың теңгеге дейін төмендетуді орынды деп тапқан.

 Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.