$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2020, 17:14
Қоғам

Ақтөбе облысында пневмониядан 5 медқызметкер қайтыс болды

Олардың отбасына өтемақы беру мәселесін комиссия шешетін болады

Ақтөбе облысында пневмониядан 5 медқызметкер қайтыс болды
sputnik

Ақтөбе облысында пневмония жұқтырып алған бір медбике мен төрт медқызметкер қайтыс болды, деп хабарлады облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

«Біздің Ақтөбе облысында бір медбике мен түрлі дәрежедегі 4 медқызметкер қайтыс болды. Арасында басшылық қызметтегі адам да бар. Барлығы пневмониядан көз жұмды», - деді Оразалин онлайн-брифинг барысында.

Оның айтуынша, марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан өтемақы беріледі. Бірақ оның уақыты әзірге белгісіз.

«Коронавирустан көз жұмғандарға берілетін өтемақыны тағайындау комиссия жасаған қорытындыдан кейін белгілі болады», - деді облыс әкімі.

Еске салайық, жұмыс барысында коронавирус жұқтырған медқызметкерлерге мемлекеттік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге, егер қайтыс болса, отбасына 10 миллион теңге өтемақы беріледі.

Серіктес жаңалықтары