18.02.2026, 09:30
Қоғам
Қазақстанда орташа зейнетақы 14 700 теңгеге көбейген
Елімізде 2 млн 538 мың зейнеткер тұрады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
2026 жылдың екі айында 2 млн 538 мың адамға 395,2 млн теңге зейнетақы төленген. Бұның ішінде 131,3 млн теңге базалық зейнетақы төлеуге кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлағандай, 2026 жылдың 1 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстандағы орташа зейнетақы 157 843 теңге болған. Былтыр орташа зейнетақы 143 143 теңге болғанын ескерсек, биыл зейнеткерлер орташа есеппен 14 700 теңге көп зейнетақы алады.
«2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 103 931 теңге, базалық зейнетақы – 53 912 теңге болды», - деп хабарлайды министрлік.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы