$ 495.1  583.72  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.02.2026, 10:44
Қоғам

Жол апаты көбейіп кеткен: Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық шектелетін болды

Жүргізушілер қазіргідей 140 км/сағ емес, 110 км/сағ жылдамдықпен жүруге тиіс

Жол апаты көбейіп кеткен: Астана – Павлодар тас жолында жылдамдық шектелетін болды
Фото: istockphoto.com

Биыл 9 ақпаннан бастап «Астана – Павлодар» автомобиль жолында жылдамдық режимі уақытша төмендетіледі. Оған қыс мезгілінде жол апатының көбейгені себеп болып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының ақпаратынша, қыста ауа райының қолайсыздығынан жол апатының көбейгеніне байланысты Ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдаған.

«Осы шешімге сәйкес, 2026 жылғы 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап «Астана – Павлодар» автомобиль жолында көліктер үшін белгіленген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетіледі. Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие», - деп атап өтті компания.

Ал көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрын белгіленген жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерді жылдамдық режимін, жол белгілерінің талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, сондай-ақ қыста жолда аса мұқият болуға шақырды.