$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 16:50
Қоғам

Заң мен тәртіп үстемдік етпейінше, қоғам дамымайды –  Ерлан Қарин

Жаңа Конституцияның жобасы таныстырылды

Заң мен тәртіп үстемдік етпейінше, қоғам дамымайды –  Ерлан Қарин
Фото: Ақорда

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның алтыншы отырысында жаңа Конституцияның жобасында ұсынылған басты құндылықтар мен қағидаттарға тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау. Біз әзірлеп жатқан Конституцияның жаңа мәтінінде бұл қағидат маңызды орын алады. Адам құқықтары мен бостандықтары жаңа редакциядағы Конституцияның алтын арқауына айналып отыр. Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету. Заң мен тәртіп үстемдік етпейінше, қоғам дамымайды, сана өзгермейді. Бұл әділетті қоғамның басты шарты. Жалпыұлттық бірлікті бекемдеу тұрақты дамудың кепілі болып қала береді, ортақ мақсаттар үшін тұтас ел болып жұмылу – мемлекеттілігіміздің мызғымас қағидасы», - деді Қарин отырыста.

Ол халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты өлшемі екенін атап өтті.

«Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын орнықтыру. Отаншылдық іс-әрекетімен ел мүддесі үшін жұмыс істеу, ал жасампаздық оны нақты істермен бекіту, сындарлы диалогпен дәлелдеу.  Қоғамдық диалогты дамыту – бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенім тірегі. Соңғы жылдары жүргізген реформалар, өткізген референдумдар дамыған қоғамдық диалогтың жарқын мысалы», - деді мемлекеттік кеңесші.

Еңбек, прогресс, білім құндылықтарын бекіту. Бұл құндылықтар кейінгі жылдары мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Еңбек адамдарына, білімпаздарға мемлекеттік деңгейде көрсетіліп жатқан құрмет пен қолдау соның айғағы, деп жалғастырды сөзін Қарин.

«Жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру. Бірнеше жылдан бері жемісті жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» жобасы халықтың табиғатқа, айналаға деген сана-сезімін өзгертуде. Осы істі әрі қарай ілгерілету маңызды. Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау бұл құндылықтар, бұл қағидаттар конституциялық деңгейде алғаш рет бекітіліп отыр», - деді ол.