$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.01.2026, 12:18
Қоғам

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салына ма – министрдің жауабы

Осы мәселеге қатысты арнайы жұмыс тобы құрылған

Қазақстанда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салына ма – министрдің жауабы
Фото: freepik.com

Қазақстанда он төрт жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін. Арнайы құрылған жұмыс тобы осы мәселені жан-жақты талқылауға дайын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу мәселесі әлі де өзекті.

«Қазір біз бірнеше ұсынысты қарастырып жатырмыз. Оқу-ағарту министрлігінде балаларды заңға қайшы контенттен қорғау мақсатында жұмыс тобы құрылды. Белгілі бір тәсілдер бар және көптеген шет елде олар заңдастырылған. Бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр және қоғаммен, соның ішінде ата-аналар және педагогтер қауымдастығымен, сондай-ақ медиа өкілдерімен бірлесіп талқыланады», - деді министр Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ең алдымен балаларды SIM-карта арқылы тіркеу нұсқасы қарастырылып отыр. Екінші тәсіл — 14 жасқа толмаған балалардың заңға қайшы контентке қолжетімділігін бақылау және шектеу мүмкіндігін енгізу.

«Бұған қоса мектептерде цифрландыруға, оның ішінде медиа сауатқа қатысты пәндер бар. Осы пәндер аясында балаларға цифрлық кеңістікте сауатты әрі жауапты болу жолдары түсіндіріледі. Балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі медиа және ата-аналар қауымдастығымен жеке талқылауды талап етеді. Жұмыс тобы құрылды, сол себепті бұл мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр. Жұмыс тобы нақты ұсыныстар әзірлегеннен кейін, біз бұл туралы міндетті түрде хабарлаймыз», - деп түйіндеді сөзін Сүлейменова.