ДСМ Тоқаевтың тапсырмасынан кейін МӘМС арқылы ақша алған клиникаларды тексереді
Бұған дейін Қаржы министрлігі жүйедегі жымқыру фактілерін әшкере еткен
Денсаулық сақтау министрлігі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін МӘМС арқылы бюджеттен ақша алатын медициналық ұйымдарды тексереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ДСМ-ның мәліметіне сүйенсек, тексеруге Қаржы мониторинг агенттігі де қатысады. МӘМС-тен бөлек, тегін медициналық көмектің тізіміне енген қызметтерге ақы алған ұйымдар да тексеріледі.
Тексеруге кезінде бюджет қаражаты қаншалықты мақсатты жұмсалғаны тексеріледі.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Қаржы министрлігі IT аудит жүргізіп, МӘМС арқылы ақша жымқыру фактілерінің бірнеше түрін ашқан болатын. Мысалы, елімізде 700 мыңнан астам ер адам әйел ретінде жатыр мойны ісігін тексеруден өткен деп жазылып кеткен.
Салық органдары жекеменшік клиника мен аурухана басшыларының 2024-2025 жылдардағы табысын тексере келе, олардың әрқайсысы кемі 14 көлік, 52 үй алғанын анықтаған.