$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2026, 10:28
Қоғам

Қазақстанда 770 мың ер адам жатырын, тағы 600-і омырауын тексерткен – Қаржы министрі күлкілі деректерді жария етті

Бұл теріс деректер арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ақша жымқырған

Қазақстанда 770 мың ер адам жатырын, тағы 600-і омырауын тексерткен – Қаржы министрі күлкілі деректерді жария етті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына бөлініп жатқан қаражаттың тиімділігіне жасалған IT-аудит өрескел заң бұзу фактілерін тіркеген. Бұл туралы үкіметтегі кеңес кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, Тәкиев айтқандай, 2026 жылы қорға  2,4 трлн теңге бөлініп отыр. Жыл сайын триллиондаған бюджет теңгесі салынып жатса да, қордың тиімді жұмысы байқалмай отыр, дейді Тәкиев.

Ал, аудит анықтаған заң бұзу фактілерінің арасынан Тәкиев ойға қонымсыз бірнеше деректі мәлім етті.

  • Жекеменшік клиниканың бір дәрігері бір күнде 1 442 пациент қабылдаған, ал шын мәнінде 6 сағат жұмыс істейтін дәрігер бір науқасқа кемі 15 минут уақыт бөлгенде, небары 24 адам қабылдап үлгереді.  Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);
  • Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).
  • 1,8 млрд теңге науқастардың жынысына сай емес тексерулер үшін алынған. Мысалы, Қазақстанда 768 827 ер адам жатыр мойнының обырын тексертсе,  619 ер адам маммограммадан өткен. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталған көрінеді (Алматы облысы).

Оның айтуынша, талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтаған Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.