$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2019, 18:38
Қоғам

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі екі есе өсті

Тұрғындар арасында  төлем карталарымен есептесу қарқыны артқан

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз операциялар көлемі екі есе өсті

2019 жылы 1 қазанға дейін Қазақстанда тұтынушыларға таратылған төлем карталарының саны 30,6 млн дананы құрады. Бұл 2019 жылғы осындай көрсеткіштен 43%-ға асады.

«2019 жылғы 9 айда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі екі еседен астам ұлғайып, 8,9 трлн теңгені құрады», - деп хабарлады Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

Қолма-қол ақшасыз транзакциялардың негізгі үлесі банктердің онлайн сервистері арқылы жүргізілді. Бүгінгі күні онлайн сервистерде 18 млн-ға жуық пайдаланушы тіркелді, олардың ішінде 34%-ы операцияларды тұрақты түрде жүргізеді. Күн сайын онлайн сервистер арқылы 21 млрд теңгеден астам сомаға 1,3 млн-нан астам операциялар жүргізіледі.

 

Серіктес жаңалықтары