Биылдан бастап жүргізушілерге көлігіне қалаған нөмірді таңдау құқығы берілді
Қазақстандықтар мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ өздері қалаған сан мен әріптен құралған мемлекеттік тіркеу нөміріне онлайн тапсырыс бере алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл қызмет eGov электронды порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.
Қалаған нөмірді онлайн сатып алу үшін не істеу керек:
Сіз таңдаған көлік нөмірі бос болса, оның бағасы бірден шығады. Төлем жасағаннан кейін өтінімге онлайн қол қоясыз.
Ең қарапайым нөмірлер 10 айлық есептік көрсеткіштен, яғни 43 250 теңгеден басталады. Ал VIP-нөмірлер бір миллион теңгенің шамасында.
Жуырда жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин 5 қаңтарда еліміз бойынша әдемі нөмірлерге 11 мыңға тарта өтініш түскенін мәлімдеген.