$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 17:45
Қоғам

Енді сотталғандар заманауи терминал арқылы туыстарын видео арқылы көріп, сөйлесе алады

Түрмелердегі ескі терминалдар жаңасына ауысады

Енді сотталғандар заманауи терминал арқылы туыстарын видео арқылы көріп, сөйлесе алады
Фото: freepik.com

Елімізде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері сотталғандарға арналған заманауи терминалдармен жабдықталады. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдері түзеу мекемелеріндегі электрондық терминалдар дұрыс жұмыс істемейтінін анықтаған. Сөйтіп Бас прокуратураға тиісті ұсынымдар берген.

«Бас прокуратура терминалдардың физикалық және моральдық тұрғыдан тозғанын ескеріп, олардың жұмыс істеуінде мәселелер бар екенін растады. Жоғары қадағалау органы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін кеңейтілген функционалы бар заманауи терминалдармен қайта жарақтандыру бойынша пилоттық жоба іске асып жатыр», - делінген хабарламада.

Жаңа терминалдың көмегімен сотталғандар FaceID арқылы мемлекеттік органдарға өтініш, арыз-шағым жолдап, бейнеқоңырау арқылы туыстарымен байланыс орната алады. Қазір заманауи терминал Атбасар қаласындағы №1 мекемеде сынақтан өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары