$ 512.83  600.58  6.36
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2026, 17:15
Қоғам

Жетісуда мектеп директоры мұғалімдерден ақша алып, оны құмар ойынға салған (ВИДЕО)

Қазір тоғыз мұғалім директордың үстінен арыз жазған

Жетісуда мектеп директоры мұғалімдерден ақша алып, оны құмар ойынға салған (ВИДЕО)
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысындағы мектептердің бірінде ұстаздар мен мектеп директоры арасында ақшаға қатысты дау басталды: ұжымдағы оншақты мұғалімнен қарызға ақша алған директор қарызын қайтармай қойған. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, директор ол ақшаны құмар ойынға салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жетісу облысының жаңалықтарын жариялайтын желіге арызданған мұғалімдер ақшаларын қайтара алмай жүргенін айтқан.

Дереккөзге сүйенсек, 2025 жылдың 30 желтоқсанында Көксу ауданының білім бөлімі тоғыз мұғалімнің арызын қабылдаған. Кеше, 5 қаңтарда олардың арызы полицияда тіркелген. Аудандық білім бөлімі директоры уақытша жұмысынан шеттеткен.

«Аудан әкімінің орынбасары мен білім бөлімдерінің өкілдері ұстаздармен жиналыс өткізеді. Мәселе аудандық әкімдіктің бақылауында», - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыстың полиция департаменті хабарлағандай, қазір ұстаздардың арызы негізінде тексеру басталған. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім шығады.

Серіктес жаңалықтары