30.12.2025, 16:14
Қоғам
Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Бүгін, 30 желтоқсан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - деп хабарлайды Ақорда.
Айта кетейік, биыл 12 қарашада Парламент Мәжілісі ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қабылдап, Сенаттың қарауына жолдаған. Кейін Сенат Мәжіліс қабылдаған заңды мақұлдады.
Көп оқылған
18.08.2026, 10:42
«Денесінің сау тамтығы жоқ»: «Барни» үшін құрбан болды деген келіншекке қатысты сұмдық мәлімет жарияланды
18.08.2026, 09:34
Астанада жасөспірім қыз бала тұрғын үйден құлап, мерт болды
18.08.2026, 09:42
Іле ауданында жер үйден шыққан жылан жұртты шошытты (ВИДЕО)
18.08.2026, 16:52
Ұлдана Мырзуанның қазасы бойынша сот отырысы: Әділет Зейнел жәбірленуші мәртебесінен бас тартты