$ 504.76  593.8  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 17:15
Қоғам

Қазақстанда білімге қатысы жоқ 170 жекеменшік ұйым мемлекеттен ақша алып келген

Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлім етті

Қазақстанда білімге қатысы жоқ 170 жекеменшік ұйым мемлекеттен ақша алып келген
Фото: istockphoto.com

Қазақстанда бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі және қосымша білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігі енген. Тексеру аясында білім беру бағыты басқа салада болса да мемлекеттен ақша алып келген 170 ұйым анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциялары аясында оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.

«Пилоттық жоба аясында дербес түгендеу жүргіздік, қайталанатын жазбалар анықталды. Ұйымдардың қызметін талдай отырып, білім беру бейініне сәйкес келмейтін 170 ұйым анықталды», - дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін үкімет жекеменшік мектептердің қаржысын енді оқу-ағарту министрлігі емес, қаржы министрлігі бақылайтынын хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары