$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2019, 12:08
Қоғам

«Астана LRT» ісі: әкімдіктің бұрынғы лауазымды 4 қызметкері күдікке ілінді

Олардың аты бір ай ішінде белгілі болады

«Астана LRT» ісі: әкімдіктің бұрынғы лауазымды 4 қызметкері күдікке ілінді
Sputnik Казахстан

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Екінші тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Тергеу жалғасып жатыр. Бірнеше сараптама аяқталауға жақын. Мемлекетке келген залал мөлшері әлдеқайда өсіп, 1 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі таңда іс бойынша алты адам күдікті ретінде танылды, соның ішінде елорда әкімдігінің бұрынғы төрт лауазымды тұлғасы бар. Тергеу аяқталған соң үлкен брифинг өткізіп, қоғамға тергеуіміздің қорытындысын айтамыз», - деді Сергей Перов.

Ол лауазымды адамдардың кімдер екенін және нақты қандай қызмет атқарғанын айтқан жоқ. Тек, сол төрт лауазымды адамның барлығы қазір әкімдікте жұмыс істемейтінін қайта нақтылап өтті. Олардың кінәсі дәлелденсе, аса ірі көлемді ақша жымқыру бабымен сотталуы мүмкін.

«Сот-экономикалық және сот-құрылыстық сараптама жүргізіліп жатыр. Тергеудың аяқталуына бір айдай уақыт қалды. Сараптама осы уақытқа дейін атқарылған жұмыс көлемі мен жұмсалған қаражатты санайды», - деді ол.

Естеріңіге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана LRT жобасы экономикалық тұрғыда өте күдікті екенін, сондықтан, жобаны бекіткен кездегі әкімдік қызметкерлерін тексеруді тапсырған болатын.

Кенжеке Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары