$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2020, 13:07
Қоғам

СҚО-да 101 жастағы әжей онлайн форматта құжатын рәсімдеді

ТЖ аяқталғаннан кейін облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 азаматқа жеке куәлік пен паспорт рәсімдеген

СҚО-да 101 жастағы әжей онлайн форматта құжатын рәсімдеді

Солтүстік Қазақстан облысы Шоқан Уәлиханов ауданына қарасты Қайрат ауылының 101 жастағы тұрғыны Көкіл Жақыпова жеке құжатын онлайн форматта рәсімдеді. Оған куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтуі себеп болған. Көші-қон полициясының қызметкерлері құжатты әжейдің үйіне апарып, қолына табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Көші-қон полиция тобының аға инспекторы Ержан Хамзин мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілі Жанар Сәрсенбаева құжат беру үшін қарияның үйіне барған. Тұрғылықты жері бойынша барлық қажетті қызметтер, оның ішінде суретке түсіру қызметі көрсетілген. 

«Мүгедек, уақытша тасымалдауға келмейтін және егде жастағы азаматтар үйлерінде құжаттандырылды. Облыстың көші-қон қызметінің қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлерімен бірлесіп осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру үшін қаладан басқа, шалғайдағы ауылдық округтерге де шығуды жүзеге асырды. Құжар алу үшін қажетті процедуралар үйде жүзеге асырылады», - дейді СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.

2020 жылдың басынан барлығы 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жеке басын куәландыратын құжат алды. Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін облыстық көші-қон қызметінің қызметкерлері 9 944 азаматқа жеке куәлік пен паспорт рәсімдеген. Төтенше жағдай режимі кезеңінде құжат мерзімі өтіп кеткен азаматтар 10 шілдеге дейін үлгері шарт. Жыл басынан 600-ге жуық шетелдік азамат Қазақстанда тұрақты тұруға арналған рұқсат пен тұру ыхтиярхатын алған, олардың дені Ресей Федерациясының азаматтары. Солтүстік Қазақстан облысының облысының 700-ге жуық азаматына үйлерінде құжат берілді. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары