$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.07.2020, 12:36
Қоғам

Қазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды

Бір айда ауырғандар саны 4 есеге дейін артып кеткен

Қазақстанда маусым айында пневмониядан 628 адам қайтыс болды
ortcom.kz

Елімізде биыл пневмониямен ауырып жатқандар саны былтырмен салыстырғанда 55 пайызға дейін өскен. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

«Былтырғы және биылғы жартыжылдық бойынша пневмониядан көз жұмғандардың санын салыстыратын болсақ, айтарлықтай өзгеріс жоқ: 2019 жылы – 1780 адам, 2020 жылы – 1772 адам қайтыс болған. Бірақ, биыл маусым айының өзінде ғана аталған аурудан 628 науқас көз жұмды. Ал, егер ауруды жұқтыру статистикасына тоқталар болсақ, биылғы жартыжылдықта өсім 55 пайызды құрады. Ал, маусым айында былтырғы маусыммен салыстырғанда 4 есеге артты», - деді ол.

Бас санитардың айтуынша, пневмония жұқтырғандар санының күрт артуымен ДСМ арнайы зерттеу жүргізе бастаған.

Серіктес жаңалықтары