$ 519.61  610.13  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:00
Қоғам

ЮНЕСКО-ның Мұздықтарды зерттеу орталығы Қазақстанда жұмысын жалғастырады

Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына сегіз жыл мерзімге 2-санаттағы орталық мәртебесі беріледі

ЮНЕСКО-ның Мұздықтарды зерттеу орталығы Қазақстанда жұмысын жалғастырады
Фото: Jean-Christophe Bott/Keystone via AP

Парламент Мәжілісі Қазақстан үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстанда 2-санаттағы орталық ретінде Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығының мәртебесін қайта жалғастыру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатқа 2025 жылы 19 маусымда Астанада қол қойылған. Келісім мұздықтарды, қар жамылғысын және мәңгі тоңды зерттеу, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында олардың аймақтағы су ресурстарына әсерін бағалау саласында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған.

Келісімге сәйкес, Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығына сегіз жыл мерзімге 2-санаттағы орталық мәртебесі беріледі. Орталық өңірдің гляциологиясы мен су ресурстарын ғылыми тұрғыда зерттеу, білім беру және үйлестіру қызметін жалғастырады.

Келісім аясында Қазақстан үкіметінің, ЮНЕСКО-ның және өңір мемлекеттерінің өкілдерін қамтитын Басқарушылар кеңесі құрылмақ. Қазақстан орталық жұмысын жыл сайын кемінде 414 млн теңге қаржымен, сондай-ақ ғимаратпен, қажетті жабдықтармен және әкімшілік қолдаумен қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, халықаралық сарапшылар қатысатын бірлескен жобалар, семинарлар мен оқыту бағдарламалары өтеді. Сондай-ақ ғылыми деректерді ашық алмасуға және мұздықтарды мониторингілеу және сақтау саласында заманауи технологияларды ілгерілетуге мүмкіндік туады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ЮНЕСКО #келісім