Түркістан облысының шалғай ауылында қызылша жұқтырған жүкті келіншек бір ажалдан аман қалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Дәрігерлер ана мен жатырдағы баланың өмірі үшін 9 күн бойы күрескен

Фото: скриншот

Түркістан облысының шалғай ауылындағы жүкті келіншек қызылша жұқтырып алған. Оның жағдайы қатты нашарлағандықтан, дәрігерлер авиация арқылы оны қалаға жеткізіп, күнделікті ем жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жүкті келіншекке жұққан қызылша асқынып, интоксикация орнаған, ағзасы құрғап, пневмония басталған.

«Науқастың өмірін құтқарып қалу үшін республикалық деңгейде кеңейтілген консилиум өтіп, телемедицина арқылы жетекші сарапшылар емдеу жолдарын тағайындады. Дәрігерлер жүкті келіншекті 9 тәулік бойы тәулік бойы емдеп, ана мен жатырдағы баланың өмірін сақтап қалды», – деп хабарлайды ДСМ-нің баспасөз қызметі.