$ 522.38  612.6  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 18:00
Қоғам

Декреттік төлемнің талабы күшейген соң сақтандыру қорының ақшасы көбейе бастаған

Әрі  әлеуметтік аударымдардың ставкасы 5% теңескен

Декреттік төлемнің талабы күшейген соң сақтандыру қорының ақшасы көбейе бастаған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына» ай сайын түсетін ақша одан төленетін әлеуметтік төлемнен асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен Қоғамдық кеңестің отырысында белгілі болған.

Айта кетейік, үкімет әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін ақша қорға түсетін ақшадан асып кеткендіктен, тепе-теңсіздік орнағанын мәлімдеген еді.

Осыны тұрақтандыру үшін үкімет жұмыс беруші жұмысшы үшін төлейтін әлеуметтік аударымның мөлшерін  5% мөлшеріне қайта қайтарған еді.

«Сондай-ақ жүктілік және босануға берілетін әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне нақты өзгерістер енді. Соның нәтижесінде, қорға ай сайын түсетін қаражат одан төленетін ақшадан асты», - деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның төрағасы Алмас Құрмановтың айтуынша, қазір әлеуметтік сақтандыру жүйесінде 7 млн адам бар. Осы жылдың 11 айында қор әртүрлі жағдайға байланысты әлеуметтік төлемге мұқтаж болған 1,2 млн адамға 853 млрд теңге төлеген.

Серіктес жаңалықтары