15.12.2025, 10:13
Қоғам
Астанада екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары да онлайн оқитын болды
Бүгін таңертең 0-6 сынып оқушылары қашықтан білім алған
Фото: pixabay.com
Ауа райы бұзылып, қалада қатты жел соққандықтан Астана мектептерінің екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқитын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін қалада қатты жел соғып, көктайғақ орнаған. Астананың жақын маңындағы елді мекендерден қалаға келетін тас жолдар жабылған.
Жалпы, «Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде және күндіз −8…−10°C, аяз болады.
Көп оқылған
21.03.2026, 11:42
«Цифрлық үкімет»: елімізде электрондық үкімет порталы жаңартылады
21.03.2026, 08:10
Әуеде туған сәби: Астана–Орал рейсінде толғағы келген әйелді жолаушы дәрігер босандырып алды
21.03.2026, 12:44
Президент қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 12:04
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды
21.03.2026, 12:31
СҚО-да өзендердегі мұзды жару жұмыстары жалғасып жатыр